Желіде қар құрсауында қалған автобусты итеріп, шығара алмай жүргендердің видеосы тарады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Ол 23 қарашада таңертең Қарағандының Майқұдық қаласында түсірілген.
«Видео Майқұдықта түсірілген. Жыл сайын қыс күтпеген жерден келеді», – деп жазады Желі қолданушылары.
«Жолдар жаңа, бірақ проблема сол баяғы», – деп жазды тағы бір қолданушы.
Ауа райының қолайсыздығы мен жол-көлік оқиғаларына байланысты Майқұдық тұрғындары бір сағаттан аса жолда тұрған. Орталық Карл Маркс көшесі бойында қалаға қарай ұзын-сонар кептеліс пайда болған. Қар құрсауында қалған автобусқа қатысты жағдайға Октябрь ауданының әкімдігі пікір білдірді.
«Карл Маркс көшесіндегі Сырдария аялдамасы ауданында болған апатқа байланысты Голубые пруды ықшамауданынан Ұмайға дейін кептеліс пайда болды. Салдарынан автобус негізгі бағыттан шығып, жүргізуші кептелісті айналып өтпек болған. Сол кезде қарға батып қалған», – деді әкімдіктегілер.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 23-24 қарашада облыс аумағында ауа райы қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланған. Аймақтың басым бөлігінде көктайғақ пен қарлы боран болады.