Баспасөз үйіне Шерхан Мұртазаның есімі берілді

Үкіметтің қаулысымен Халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның есімі Тараз қаласындағы Баспасөз үйіне берілді.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес, «Жамбыл облысының әкімдігі ішкі саясат басқармасының Баспасөз үйі (өңірлік коммуникациялар қызметі) коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шерхан Мұртазаның есімі берілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi», – делінген қаулыда.
Сүйінші хабарды алғашқылардың бірі болып жерлесіміз, Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген «Facebook» парақшасында бөлісті. Үш қабатты ғимаратта облыстық «Ақ жол», «Арай», «Знамя труда» газеттері және «Өңірлік коммуникация қызметі» мекемесі орналасқан.

«Jambyl-Taraz» ақпарат

Comments (0)
Add Comment