Баспана бақытына кенелгендер көбеюде

Тараз қаласы тұрғындарының саны артуы баспана мен жер телімдеріне деген сұраныстың көбеюіне себеп болып отыр. Осыған орай, шаһар аумағында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде.

Мәселен, ағымдағы жылы «Ұлы дала» ықшамауданында 34 көпқабатты тұрғын үй бойынша тиісті жұмыстар басталып, бүгінге дейін оның 2-і пайдалануға қабылданды. Қалған үйлердің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ былтыр Асқаров көшесінің соңындағы тұрғын алқапта 5 қабатты 16 тұрғын үйдің құрылыс басталып, олар да ағымдағы жылдың соңына дейін тәмамдалады.
Сонымен қатар тұрғын үйлердің заманауи сәулеттік келбетін сақтау мақсатында сыртқы қасбетін және шатырын ауыстыру жұмыстары жүргізілсе, биылға қосымша тағы 30 және 36 тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттары дайындалуда. Бұған қоса «Әулие-Ата» ықшамауданында 5 қабатты 22 тұрғын үйдің құрылысын салу бойынша облигациялар есебінен 5,2 миллиард теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Сонымен бірге инженерлік инфрақұрылымды дамту мақсатында 42 тұрғын үйдің ішкіалаңдық инженерлік желілерінің жаңғырту және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, Асқаров көшесінің соңындағы алқапқа су, газ, кәріз желілерін және «Хамукат» тұрғын алқабында сыртқы сумен жабдықтау желілері, «Ұлы дала» ықшамауданын ішкіалаңдық электрмен қамтамасыз ету, «Қарасай» алқабына магистральдық инженерлік желілері жүргізу жобалары да әзірленуде. Сондай-ақ шаһар аумағында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600, 1 200, 1 200, 2 000 орындық мектептердің құрылысы жүруде. Айталық, Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі тарапынан аталған жоба шеңберінде «Ұлы дала», «Бәйтерек», «Шөлдала» тұрғын алқаптарында бой көтеріп жатқан мектептердің сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы да бірер күнде басталады. Сонымен қоса «Тараз қаласында Шахристан этнотарихи кешенінің аумағында орналасқан бес ғимарат үшін блокты-модульдік қазандық салу және жылыту жүйесін реконструкциялау» жобасын жүзеге асыру үшін «Expedit Group» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Техникалық қадағалаушы – «Тараз-Строй-Инжиниринг-2015», авторлық қадағалаушы – «Кұрылыс инвест жоба» ЖШС. Құрылыстың шарттық құны 358,9 миллион теңгені құрайды. Қазіргі уақытта Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама алынып, тиісті жұмыстар қарқын алды. Сондай-ақ «Достық үйі ғимаратының жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру» құрылысын жүргізуге «Invest Kapital Stroy» ЖШС-мен келісімшарт жасалды.
Бұған қоса «Жамбыл облысы Тараз қаласындағы қолданыстағы ғимаратқа аула клубына қосымша құрылыс салу» жобасы мердігер «Құрылыс-2015» ЖШС-мен жүзеге асырылады. Нысанның техникалық қадағалаушы – «ADI SAN» ЖШС. Қазіргі уақытта бұл құрылыс та кестеге сай жүруде. Бұдан бөлек, «Казарма» тұрғын алқабындағы 180 орындық мектепті электрмен жабдықтау құрылысын мердігер «Алира Сервис Компани» ЖШС жүргізуде. Техникалық қадағалаушы – «ADI SAN» ЖШС. Аталған нысандардың құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Бұл бөлім тарапынан атқарылған ауқымды жұмыстардың бір парасы ғана. Алдағы меже бұдан да биік, жоспарымыз жұмыр.

Нұрсұлтан ИСАБЕКОВ,
Тараз қалалық құрылыс бөлімінің басшысы

Comments (0)
Add Comment