Баспана – бақыт шамы

Тараз қаласының тұрғын үй қорында 1 438 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның ішінде 151 барак типтес және 1 287 екі және одан жоғары қабатты үйлер. Кондоминиум нысаны ретінде Әділет басқармасында 1 192 көппәтерлі тұрғын үй тіркелген немесе 86 пайыз.

Тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстары «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 2011 жылдан бастап жүргізілуде.
Қала аумағында 1 103 үйдің пайдалануға берілген мерзімі 30 жылдан асқан, оның ішінде 477 үй күрделі жөндеуден өткізілді, қалған 626 үйді жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы және «Нұрлы жер» 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламалары аясында көппәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары 2011 жылдан бастап республикалық, жергілікті бюджет пен қайтарым қаражатты қоса алғанда 16, 610 млрд теңгеге 477 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы 2022 жылы 3 831 306,0 (ЖСҚ және сараптамамен барлығы 3 982 714,0 мың теңге) теңгеге 67 үй жөнделді.
2023 жылы 63 КПТҮ күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда, ол үшін 5, 372 411 млрд теңгеге бюджеттік өтінім Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне ұсынылды.
2024 жылы 33,8 млн теңгеге 52 КПТҮ күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу жоспарлануда.
Сонымен қатар биыл 88,890 млн теңгеге «Бәйтерек» (13) м/а №36,37 коммуналдық меншікте тұрған көпқабатты тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарлануда.
Бүгінгі күнге Тараз қаласының тұрғын үй қорында 2023 жылдың жағдай бойынша қайта түгендеу барысында 1 438 көппәтерлі тұрғын үй анықталды, оның 1 363 жылу жүйесіне толығымен қосылған (оның ішінде 151 – бір қабатты барак типтес тұрғын үйлер, 1 287 екі және одан жоғары қабатты үйлер). 75 барак типтес үй автономды түрде жылытылады.

Мекеме атауы Жылу жүйесіне қосылған,

қызмет көрсететін тұрғын үйлер

1 «Таразэнергоорталық» АҚ 1026
2 «Жамбыл-Жылу» МКК 169
3 «ТаразТрансЭнерго» МКК 103
4 «ЖГРЭС» АҚ 55
5 «София» ЖШС 10
  Барлығы 1363

2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындыққа байланысты Тараз қаласында анықталған 28 көпқабатты тұрғын үйдің инженерлік желілеріндегі ақауларды жою бойынша Жол картасы бекітіліп, «ТаразТрансЭнерго» КМК, «Жамбыл Жылу» КМК және аумақтық бас инспекторлармен бірлесе тұрғындармен арнайы тиісті жиналыстар жүргізілуде.
Тараз қаласы аумағында көппәтерлі тұрғын үйлерде жалпы 58 лифт бар. Оның ішінде тұрғын үй қатынастары бөлімінің теңгерімінде – 29 лифт. Одан бөлек, әлеуметтік нысандарда 63 лифт орналасқан.
Бөлім теңгеріміндегі жеделсатылар Беларусь елінде өндірілген, «МогилевЛифтМаш» зауытынан шыққан, қазіргі таңда өндірістен алынып тасталған ескі үлгілер. Пайдалануға берілген мерзімі – 2009-2010 жылдар аралығы, жалпы қызмет ету мерзімі – 25 жыл.
Бүгінгі күнге дейін пәтер алу кезек тізімінде 21 011 азамат тіркеліп тұр.
Ағымдағы жылдың басынан кезек ретімен берілген пәтерлерде жалдау шартына сәйкес пайдаланылуына зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 54 көппәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің 14 үйінде зерделеу жүргізілді. Нәтижесінде жалға беру фактісі анықталмады. Сонымен қатар мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізімін ашық түрде жариялау электрондық жүйе арқылы қарау және қадағалау бойынша арнайы «ZhilFondTaraz» мобилдік қосымшаның жұмыс жасауда. Одан бөлек, кезек тізімі Тараз қаласы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылды.
Халықты қолжетімді баспанамен қамту мақсатында оңтайлы ипотекалық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында 523 пәтер рәсімделді. Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінгі күнге 3 623 пәтерге сатып алу келісімшарты жасалды.
Оның ішінде 1986 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта жергілікті атқарушы органдарда баспанаға мұқтаж адам ретінде үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты «Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасы іске қосылып, 751 отбасы баспаналы болды. Сонымен қатар үй кезегінде «Толық емес отбасы», «Көпбалалы отбасы» «Мүгедек бала асыраушы отбасы» санаттарында кезекте тұрған азаматтарға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 144 отбасы баспаналы болып отыр.
Айта кететін болсақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушыларына бастапқы жарнасы 10% болатын, бір миллионға дейін тұрғын үй сертификаты берілуде. 2019 жылы 24 азаматқа – 18 957 867 теңгеге, 2020 жылы 38 азаматқа – 31 865 112 теңгеге, 2021 жылы 20 азаматқа 18 170 460 теңгеге сертификат берілді, 2022 жылы 10 адамға 9 191 158 теңгеге сертификат берілді.

Асанәлі Түкебаев,
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы

Comments (0)
Add Comment