Бас жоспар жөніндегі басқосу

Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласының Бас жоспарына толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Жалпы Бас жоспар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Жер, Экологиялық кодексіне және басқа да заңнамалық актілер мен қала құрылысын жобалау саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкес құ- растырылады. Қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің ұйымдастыруымен өткен талқылауға қала тұрғындарынан бөлек, әкімдікке қарасты бөлім басшылары қатысты. Алдымен өзгеріске ұсынылған Бас жоспар ЛЭД-экран арқылы көпшілікке таныстырылды. Айта кету керек, Бас жоспарды конкурсқа қатысқан мердігерлердің ішінде «Қолдау» ЖШС ұтып алған. Аталған серіктестік директорының орынбасары Асқар Рысбаев алдымен Бас жоспарды толығымен түсіндіріп, өзгертулер мен толықтыруларға тоқталды.
– 2005 жылдың басында қаланың халық саны 331,5 мың адамды құраса, 2025 жылғы болжам бойынша 450 мың адамды құрауы мүмкін. Барлығы 2 777,76 гектар қалаға бөлінеді, онда жиынтықпен алғанда 44,5 мың адам тұрады. Оның 2266,57 гектары (34,1 мың адам) Жамбыл ауданынан және 511,19 гектары (10,4 мың адам) Байзақ ауданынан болады деп күтілу- де, – деді Асқар Мақшанұлы.
Сондай-ақ жиында сәулетші Бас жоспарға өзгеріс енгізу үшін халықты қоныстандыру қомақты ресурстарды, оның ішінде жер ресурстарын қажет ететінін тілге тиек етті. Демек, алдағы уақытта қала төңірегінде орналасқан елді мекендерді қосу арқылы қала аумағын кеңейту жоспарлануда. Алайда бұл әзірге жоспар. Әлі талай талқылау мен пысықтауды қажет етеді. Ал «Қолдау» ЖШС экологы Иван Комаров, экономист Анна Аблеева өз салаларына қатысты тұстарды көпшілікке таныстырды. Жалпы қаланың Бас жоспары 2010 жылы бекітілген. Жиын барысында қатысушылар серіктестік өкілдеріне сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.

Жұматай Көксубай,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«журналистика» мамандығының 4-курс студенті

Comments (0)
Add Comment