Алматы тұрғыны Айдын Құрманбеков өзінің 17 жасар ұлы Айбек Зайнаковты намаз оқуға мәжбүрлеп, аяусыз ұрып-соққан. Дәрігерлер бас сүйегі мен мұрынның сынғанын айтады. Ал баланың әкесі әлі де бостандықта жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап.
Алматыда өткен дүйсенбіде әкесі намаз оқудан бас тартқан ұлын аяусыз ұрған. Зардап шегушінің ағасы Ерғали Әсілхановтың айтуынша, олар полицияға үш рет арыз берген, бірақ күдікті әлі ұсталмаған.
«Ол – менің өгей әкем. Інім Айбек пен қарындасым Әсемнің биологиялық әкесі. Біздің анамызбен заңды некеде тұрмайды. Қазір оның басқа әйелі бар. Бізге ешқашан көмектеспеген. Ініммен соңғы рет кездескенде, біз дін туралы сөйлескенбіз», – дейді ол.
Ерғалидің айтуынша, Айбектің әкесі ұлына: «мен сенен адам жасауға тырысып жүрмін, ал сен мен үшін дұға ете алмадың» деген сөздермен жұдырығын ала жүгірген. Жасөспірім далаға қашуға тырысқанда, ашулы әкесі оны ұстап алып, басынан, бетінен ұра бастаған.
«Үйде үлкен гантель болған. Ол оны сонымен ұрды немесе үлкен пышақтың сабымен ұрды. Осыдан кейін өгей әкем оны сол пышақпен қорқытты. Інім көрші үйге жүгіріп барып, сол жерден полиция шақырған. Анам өкей әкемнің үстінен арыз жазды. Алайда үш рет арыз жазғаныма қарамастан, ол әлі де бостандықта жүр. Өзінің әрекетін полицияға «пышақ жерге құлаған, ол қорқып, соны көтерді» деп түсіндірген. Оны нағыз ер азамат болу үшін ұрдым деп айтыпты. Егер інім қашып кетпегенде, өлтіруі мүмкін еді», – дейді Ерғали Асылханов.

Полиция күдікті Айдын Құрманбековтің бостандықта екенін растады.
«Аталған факті ҚР ҚК 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазіргі уақытта осы азамат алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл істі тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жәбірленушінің жансақтау бөлімінде екенін және барлық қажетті ем қабылдап жатқанын айтты.
«15 тамызда 2004 жылы туған науқасты жедел медициналық жәрдем бригадасы №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізді. Ол жабық бас сүйек-ми жарақаты диагнозымен түсті. Жеңіл мидың контузиясы. Фронтальды синустың сыртқы қабырғасы жаншылып, сынып кеткен. Сонымен қатар мұрын сүйектері сынған. Маңдай аймағының жұмсақ тіндеріне зақым келген”, – деді Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.