Бабаларымыз «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деген. Бұл жыл да тарих қойнауына енейін деп тұр.Табалдырықтан барыс жылы аттап, жаңа жылдың ақ парағы ашылады, деп хабарлайды”Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Тәуелсіз Қазақстанда барыс жылы 1998 жылға тура келді. Нарықтық экономикаға бет бұрған жас мемлекет ретінде таныла түскен елімізде бұл жылы үлкен өзгерістер болды. Бас қала Алматыдан Сарыарқаның төріне көшірілді. Жаңа астанамен жаңа өмір басталды.
“1998 жылы нарықтық экономиканың өте бір қиын жағдайынан өтіп, Қазақстанның даму жылына түскен жылы болды. 2010 жылы біздің мемлекеттерде көп тарихи оқиғалар болды”, – дейді тарихшы Жомарт Жеңісұлы.
Әрбір жаңа жылдан зор үміт күтіп, баршамыз » Барыс жылында адамзатты не күтіп тұр екен?!» деп тарих беттерін ақтаратынымыз заңдылық. 12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізуді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды. Талай жылдың тауқыметін, қызығын басынан өткізген тəжірибесі бай, ұғымды халық əр жылға тиісті баға беріп, болашағын осылай болжаған. Халық келер жылдан үлкен үміт күтеді.
Әр жылдың өзіндік ерекшелігі, алып келер несібесі бар. Сол себепті жыл сайын түрлі болжамдар жасалады.
“Бұл жыл үйленбегендер үшін оңтайлы кезең болғалы тұр, үйлену көп, ажырасатындар да бар. Тағы бір екі күнтізбеге аса мән беру керек, 20.02-22.02.2022 жылы аса қауіпті, себебі 2 санының энергиясы өте жаман, – дейді Айжан Жетпісбаева.
Сондай-ақ, нумерологтардың есебінше, жаңа жылдан соң баға біршама өседі.
“Экономикалық тұрғыдан алатын болсақ, өкінішке орай тауарлардың бағасы 95 процентке өседі. Себебі материалды санның энергиясы бар”, – дейді нумеролог.
“Келесі жылы өте жақсы болады. Жақсылық, қуаныш болады. Өте жақсы жыл мына жыл”, – дейді құмалақты Қалимаш апа.