№20 бір мандаттық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат
Беркімбаев Медеттің сайлауалды бағдарламасы
Қадірменді жерлестер!
Мен, Беркімбаев Медет азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруа- шылығы саласындағы мәселелердің шешімін табуына атсалысу үшін Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде «AMANAT» партиясынан сайлауға түсіп отырмын.
Мен 2005 жылы Еуразия гуманитарлық институтын «Экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша аяқтаған соң, еңбек жолымды «ҚР Үкіметі мен Президент әкімшілігінің әкімшілік ғимараттары» РМК ҚҚК жетекші маман ретінде бастадым. Әр жылдары коммуналдық шаруашылық саласында қатардағы маманнан бастап басшылық қызметке дейін көтерілдім. Қазіргі кезде «Жамбыл Су» МКК директорымын.
Осы салада жинаған мол тәжірибемді қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу үшін пайдаланғым келеді. Сондықтан конституциялық құқығымды пайдалана отырып, жергілікті мәслихат депутаты сайлауына қатысу туралы шешім қабылдадым.
Менің халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету және қаламыздың айналасындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жоспарым бар. Мәселен, облыс орталығындағы кәріз сулары жиналатын сүзгі алқаптарындағы туындап отырған мәселелерін жақсы білемін. Сүзгі алқаптардың апаттық жағдайы, коммуналдық желілердің тозуы бүгінде кезек күттірмейтін басты проблемалардың біріне айналып отыр.
Біздің округтегі көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы саны 72 бірлікті құрайды. Олардың дені 1975-1989 жылдары салынған. 2011 жылдан бастап 2022 жылға дейін 68 үй жаңғыр- тудан өткізілген. Оның ішінде №6 ықшамауданда 29 үй, №3 ықшамауданда 24 үй, №4 ықшамауданда 15 үй қайта жаңғыртылған. Сондай-ақ «Талас», «Жайлау», «Салтанат» ықшамаудандарындағы кварталдар ішіндегі асфальт жабындар қазіргі уақытта қанағаттанарлық жағдайда. Сол себепті олар әзірге жөндеуді қажет етпейді. Бұдан бөлек 42 қоқыс контейнері, 9 қоқыс алаңы орнатылған.
Соңғы жылдары Қазақстанда халық саны жыл сайын орта есеппен 1,5 пайызға өскені байқалады. Сондай-ақ Таразда қосымша тұрғын үйлер тұрғызу үшін су, кәріз жүйелерін, әлеуметтік нысандар және басқа да инфрақұрылымдар салу талап етіледі.
Мен өзімнің кәсіби, өмірлік тәжірибеме сүйене отырып, осындай проблемаларды шешу үшін басқа елдердің озық тәжірибесін зерделеу бойынша жауапкершілікті өз мойныма алғым келеді. Демек, сіздер мені және «AMANAT» партиясын таңдай отырып, өзіңіздің ғана барша тараздықтың өмірін жақсартуға септігіңізді тигізесіз. Мен Тараз қаласының аумағындағы экологиялық жағдайды жақсы білемін. Сол себепті сіздердің сенімдеріңізді ақтауға, қаланың әлеуметтік саласын дамыту, коммуналдық желілерін жаңғыртуға, тұрмыс сапасын жақсартуға күш салатын боламын!
Құрметті сайлаушылар!
Біз баршаға бірдей мүмкіндік береміз. Сондықтан 19 наурыз күні өз болашағыңыз үшін сайлауға келіп, дұрыс таңдау жасаңыз!
Нар тәуекел!
Тапсырыс беруші: №20 бір мандаттық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат БЕРКІМБАЕВ М.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.