Бар жақсылық – балаларға

2025 жылы мемлекет тарапынан Тараз қаласында 25 балалар ойын алаңшасын салу жоспарланған. Қазіргі таңда бірқатар нысандар пайдалануға беріліп, тұрғындардың игілігіне ұсынылды.

Соның ішінде «Талас» және «Қарасу» шағынаудандарында, сондай-ақ Қазыбек би көшесі, №116, Төле би көшесі, №56, 58, 71 және №116, Желтоқсан көшесі, №80 «А» мен «Мыңбұлақ» шағынауданы, №57 мекенжайларында орналасқан ойын алаңшаларының құрылысы толық аяқталды. Заманауи үлгіде жабдықталған алаңдар балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалуына мүмкіндік береді.

«JT»-ақпарат

Comments (0)
Add Comment