Бар жақсылық – балаларға!

Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында 2023-2024 оқу жылындағы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында «Балдәурен» лагері жұмыс жасайды. Жас жеткіншектердің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, ұлтжанды тұлға тәрбиелеу – педагогтардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Жуырда жас ұрпақтың ұлттық санасын ояту мақсатында «Киіз үй» лагерінде қазақ халқының тұрмысы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы, мәдени мұраларын дәріптеу бағытында оқушылардың және мұғалімдердің қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Танымдық шаралар өз ұлтының ана тілін, дінін, мәдени мұраларын құрметтеуге баулуға, бала бойына жанашырлық, сенімділік, шыдамдылық, намысшылдық мінезді қалыптастыруға бағытталды. Елжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеуде патриоттық сезімді, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндеттің бірі екені бәрімізге аян. Балалардың демалысын халықтардың салт-дәстүрлері мен мәдениеттерінің алуан түрлілігіне құрметпен қарау, табиғатты аялау мақсатында құрылған киіз үйде «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» атты іс-шара өтіп, онда батагөй қария Бектұрған Дәулетов өсиетін айтып, бата берді. Данагөй әже Әтіркүл Шаповалова қазақ дастарқанындағы малдың әрбір жілігінің өзіндік орны, табаққа тартар жөн-жосығы жайлы және жамбас, жауырын, кәрі жілік жайлы наным-сенім, қасиеті туралы айтты.
Әжелеріміз – Ж.Тынысбаева, Н.Канафина балаларға құрт жасау, жент дайындау тәсілдерін көрсетті. Балдырғандар ұлттық ойындар ойнап, халық әндерін орындады, би билеп, қазақтың ұлттық киімдерінен сән үлгісін көрсетті. Қазақы салт-дәстүр дәріптелген шарада көpнeктi әдeбиeттaнyшы Ш.Eлeyкeнoв: «Тyғaн тiлiн cүюдeн бacтaлaтын мaxaббaт eлжaндылықтaн aдaмзaтты шeкciз құpмeттeyгe дeйiн өceдi. Жacынaн тyғaн xaлқының дaнaлығымeн cycындaп, oның өcиeтiнeн нәp aлып, coл apқылы ұлтжанды aзaмaт бoлып өcepi xaқ», – дeдi.
Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған мұндай танымдық шаралар жалғаса береді. Ендеше, бүгінгі күнде жастарды ұлтжанды етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, ата-бабаларымыздан қалған насихат-мұраларды жастардың санасына сіңіре білуіміз қажет екенін де естен шығармағанымыз абзал.

Гүлжахан ЖАНЫБЕКОВА,
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Comments (0)
Add Comment