Балауса бағым – шаттық пен қуаныш ордасы

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында» 9-қазан мүгедектер күніне орай «Балауса бағым – шаттық пен қуаныш ордасы» атты ертеңгілік өтті.

Шара барысында ұстаздар мен балалар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Әсем Мукажадинова мен Дәулет Байбулатов ән салып, кішкентай бүлдіршіндер «Конфетки» биін биледі. Сондай-ақ А.Мукажадинова, М.Құдайбергенов, А.Қаратай, Г.Оразова мамандармен бірге «Коляска» биін билеп өз өнерлерін паш етті. Ал «Қызғалдақ» тобының қыздары «Гүлдер» биін билесе, Ақмарал Сүйерқұлова «Арайлы күн» әнін шырқады. Орталықтың басшысы И.Кожамкулова балаларды құттықтап, үлкен тәтті торт пен сыйлықтарды табыс етті.

Индира Қартабаева, Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-нің тәрбиешісі

Comments (0)
Add Comment