Балалық балдәурен

Балалық балдәуренім,
Мөп-мөлдір таңғы әуенім.
Сен салған соқпақ жолды,
Даңғылға жалғап едім.

Бал тәтті бала күнім,
Тергізген дала гүлін.
Сені ойлап сейілтемін,
Кей кезде сана мұңын.

Бақытты балғын шағым,
Сен жақтың арман шамын.
Сағынып жүрмін бүгін,
Сен жүрген жолдың шаңын.

Бақытжан Әліқұлов,
ақын

Comments (0)
Add Comment