Балалары жетім қалды: Қарағандыда болған қайғылы жағдайға байланысты жаңа деректер анықталды

Қарағандыда болған қайғылы жағдайдың анық-қанығы белгілі болды. Қаза тапқан әйел тұрмыста болған. Артында екі баласы қалды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Биіктіктен құлап, қаза тапқан әйел 33 жаста болатын. Шахтинск қаласының тумасы еді. Есімі – Евгения. Биіктіктен секіруі бірінші рет емес. Шатырдан, биік жерден секіруді хоббиі санаған. Әйел Сарань қаласы маңындағы бос қалған көпқабатты үйлерге осы үшін арнайы баратын», – делінген хабарламада.

Қаза тапқан әйел тұрмыста болған және артында екі баласы қалды. Бұдан бөлек отбасы анасы қайтыс болған туысын да тәрбиелеп отырған.

«Евгения еш ойланбастан, баланы өз тәрбиесіне алған», – деп жазады басылым.

Айта кетейік, оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің 306 бабы 1-бөлімі бойынша тергеу басталғанын хабарлаған едік.

Comments (0)
Add Comment