«Балаларыңа қарамайсыңдар ма?!»: Ернар Айдардың концертінде ашулы ана сөз сөйледі (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде сахнадағы әнші Ернар Айдардан микрафонды сұрап алған көрермендердің бірі концертке балаларымен келген қауымға ескерту жасады деп жазды turkystan.kz.

Ол кейбір көрермендермен бірге еріп келген балалардың дамылсыз жүріс-тұрысына шағымданған.

«Айналайын халқым, бала тудың ба, қарамайсыңдар ма?! Кафеге тойға барсаң, бала жылап жүреді. Концерт көруге келсең, балалар жүгіріп жүреді. Ұят бар ма? Суретке түскілерің келсе, концерттен кейін Ернарды 1 сағат алып қалып, 500 теңгеден төлеп, қалағанша түсіңдер. Ұят деген бар ма сендерде өзі?!», – деді ашуға мінген ана.

Оның бұл сөзі әншіге де майдай жаққан. Орнынан тұрып, қол шапалақтап, көрерменіне алғысын білдірді.

 

Тағы оқи отырыңыз: Ақтөбелік тыңд

Comments (0)
Add Comment