Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Халықаралық балалар кітабы күніне орай жергілікті балалар жазушысы, көптеген балалар ертегілерінің авторы Сологуб Наталья Евгеньевна және иллюстратор Щибунок Оксана Александровнамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Наталья Евгеньевна балалармен қызықты әңгіме жүргізіп, ертегілері мен кейіпкерлерін қалай ойлап табатыны туралы айтып , балаларды өз шығармаларымен таныстыра отырып шеберлік сағатын жүргізді. Сонымен қатар, иллюстратор Оксана Александровна өзінің шығармашылық жұмысы жайлы айтып, ертегілердегі кейіпкерлерін қалай суреттейтінін жеткізді. М.Ауезов атындағы № 33 мектептің оқушылары үлкен қызығушылықпен қатысып, қонақтарға сұрақтар қойды.
Айта кетсек кітапханамыздың қызметкері Сайлаухан Меруерт аталған автордың кітаптарын қазақша нұсқасына аударған аудармашы.
Кездесудің соңында жазушы балаларға өз кітаптарын сыйлады, оқушылар одан қолтаңба алып, естелікке суретке түсті.
Меруерт Сайлаухан,
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және
әлсіз көретін азаматтар кітапханасының кітапханашысы