Желіде балабақшада өткен ертеңгіліктен бейнеролик тарауда. Тәуелсіздік тақырыбына арналған ертеңгілікте балалар «Желтоқсан құрбандарының» рөлін сомдаған. Қайрат Рысқұлбековты ату жазасына кесу сәтін ойнаған балалардың актерлік шеберлігіне оқырмандар таң қалып, әртүрлі пікір білдіруде. «Не деген актерлер», «нағыз патриоттар», «ел тарихын біліп өскен ұрпақ жаман болмайды», «Тәрбиешілеріне алғыс» деп жазуда,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әзірге бұл видео қай балабақшада түсірілгені белгісіз.