Бала тәрбиесі – басты назарда

Тараз қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала өкілі – бағдарламадан іс- әрекетке» тақырыбында қала көлемінде семинар өтті. Аталмыш жиынның өтуіне №16, 30, 38, 40, 41, 51 мектеп директорларының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары өз үлестерін қосып, іс тәжірибелерімен бөлісті.

Әр мектептен сайлау тәртібі негізінде озық бағдарламасымен іріктелген Бала өкілдерінің назарына құқықтық, статистикалық және тәрбиелік жұмыстардың жүргізілу барысы бойынша көптеген ақпараттар реті берілді. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Б.Жақсылықова, Жамбыл облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі Ювеналды полиция басқармасының бастығы А.Калышев, Жамбыл облысы әкімінің штаттан тыс балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті өкілі Д.Бағжанов мен Тараз қалалық ата-аналар комитетінің төрайымы Ғ.Рысбаева қатысты.

Мектепте және қоғамда балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, балалар өкілдіктері арқылы ба ла лардың, қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін балалардың бастамаларын қолдау басты мақсат болып табылатын Бала өкілдіктерінің жұмысы, жоспары мен мақсат, міндеттері жөнінде мектептен келген жауаптыларға бағыт-бағдар берілді.

Қалалық семинардың Бала өкілдеріне арналған секциялық бөлімі коуч-тренинг түрінде өтті. Қатысушылар бүгінгі қоғамдағы, отбасындағы зорлық- зомбылық, буллинг, суицид, зиянды заттар мен өзге де өзекті мәселелерге балалар көзімен қарап, шешу жолдарының нақты механизмдерін талқыға салды. Коуч-тренингте көрсетілген мысал- жағдаяттар оқушылар үшін дұрыс шешім қабылдауда орасан зор үлесі болмақ. Ой-өрісі кең дамыған бала өкілдері өздерінің белсенділігімен, тапқырлығымен семинардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

«JT-ақпарат»

Comments (0)
Add Comment