«Бала-шағамен солтүстікке» жобасына өтінім беру басталды

«Dauletten» қайырымдылық қоры тарапынан ұйымдастырылған «БАЛА-ШАҒАМЕН СОЛТҮСТІККЕ» жобасына өтінімдерді қабылдау басталды деп жазды turkystan.kz.

Бұл туралы танымал экономист, блогер Дәулет Төлеутайұлы өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.

Жоба аясында кезекті 5 отбасын еліміздің солтүстігіне қоныстандыру жоспарланған. Ал қор тарапынан жоба қатысушыларына мынадай бірнеше көмек беру көзделген:

  • ауылдан үй алынады;
  • жарты жыл көлемінде 60 000 теңге төленіп отырады;
  • кәсіп бастауға қор тарапынан 1 000 000 теңге беріледі;
  • оқушы балалардың жаңа оқу жылына мектеп құрал-жабдықтары алынады, т.б.

Өтінім беруші арнайы сауалнама толтыруы тиіс.

Comments (0)
Add Comment