«Бала белде!» Дәурен Айдарқұлов екі әйелімен не үшін ажырасқанын ашық айтты

Ұзақ уақыт бойы көпшілік көзіне көрінбеген атышулы Дәурен Айдарқұлов соңғы күндері жеке өміріндегі сәтсіздіктер жайлы бейнежазбаларды желіге жиі жүктеп жүр, деп хабарлайды Экспресс К.

Естеріңізге сала кетсек, халыққа КВН арқылы танылған Дәурен Айдарқұлов алғашқыда Баян есімді аруға үйленіп, онымен 2016 жылы ажырасып тынады. Одан кейін дәл сол жылы «KeshYou» тобының экс-әншісі Ақбота Сейітмағамбетпен шаңырақ көтереді. Бірнеше жылдан соң актердің екінші әйелімен де дәм-тұзы жараспай, ерлі-зайыптылар екі жаққа кетеді.

Екі некесі де сәтсіз аяқталған Айдарқұлов қазір өзінің қателігін түсініп, жеке парақшасына бұрынғы әйелдерімен не үшін ажырасқанын ашық айтып жүр.

«Менің бірінші және екінші некедегі ең үлкен қателігімнің неден екенін білесіздер ме? Себебі мен оларды қалай бар, сол болмысымен қабылдай алмадым, керісінше өзіме қарай бейімдедім. Олардың жақсы қасиеттерін алдым да, жаман жақтарын қабылдамадым. Ал шындығында мінсіз адам болмайды ғой. Әрбір адамның жақсы және жаман жақтары бар. Мен олардан өзіме не керек, нені қалаймын соларды ғана алғым келді. Мысалы, дәмді тамақ ішіп, тап-таза үтіктелген киім киіп және менің ата-анаммен, үйге келген достарыммен жақсы қарым-қатынаста болғанын қаладым. Сондықтан әйелдің жақсы әрі жаман қасиеттерін де қабылдай білу керек екен», — деп Дәурен еркектерге бейнеүндеу жолдапты.

Айдарқұловтың желідегі бұл видеосын көрген оқырмандары оны жерден алып, жерге салып, жағымсыз жазбаларын қалдырған.

Балалардың қандай қатысты бар, әуелі соларды ойлау керек қой, — деп жазды оқырмандардың бірі.

Дәурен өзіне бағытталған дәл осы сыни пікірге жауап берді.

Бала белде, — деп қысқа қайырды Айдарқұлов.

Актер Дәурен Айдарқұловтың бірінші некесінен туған балалары.

Айта кетейік, Дәуреннің алғашқы отбасында үш баласы бар, екінші некесінде де кішкентай ұлы мен қызы өсіп келеді.

Актер Дәурен Айдарқұлов екінші әйелі Ақбота Сейітмағамбеттен туған балаларымен.
Comments (0)
Add Comment