Балқашта жүк пойызы әйелді басып кетті

Балқаш қаласында егде әйелді пойыз қағып кетіп, оқиға салдарынан ол қаза болды деп жазды turkystan.kz.

Марқұм әйел жұмысшы кентінің тұрғыны болған. Ол Балқаш пен ауыл арасындағы аймақта темір жолды кесіп өтіп бара жатқан. Пойыз машинисі жолда келе жатқан адамды байқаған сәтте пойызды тоқтатуға тырысқанымен, соқтығысты болдырмау мүмкін болмаған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.

«Аталған факт бойынша Қарағанды-Сортировочная стансасындағы желілік полиция бөлімшесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі «Жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиға бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Comments (0)
Add Comment