Байзақтың жолдары тақтайдай тегіс

Бүгінгі таңда облыс бойынша жол саласында 252 нысанда жол жөнделіп жатыр. Жыл басынан бері 605 шақырымның 79-ында жөндеу жұмыстары аяқталған.

Айта кетсек, Байзақ ауданындағы биылға қарас- тырылған жол 10 қазанға дейін аяқталады. Аталмыш жолдарды жөндеу бойынша 20 адам жұмысқа тартылған. Ал халықтың өтініші бойынша «Тараз – Жетібай – Тегістік – Ойық» бағытындағы жолдар жөнделіп жатыр.

«Бұл жолдарда көлікпен қатынау қиындық туғызып жүрген еді. Енді тақтайдай жол тартылуда. Халықтың үніне құлақ асып, жолдарды жөндеп жатқан басқармаларға алғысымызды айтамыз, ендігі асфальтталып жатқан жолдар толығымен аяқталады деп үміттенеміз», – дейді аудан тұрғыны Әзімбек Әбдіхалық.
Жыл басынан бері 605,2 шақырым жолдың 478 шақырымына жаңа асфальт төселген.

Дайындаған Дариха Үмбетиярова

Comments (0)
Add Comment