Байзақтағы жарылыста қаза тапқан құтқарушының отбасына 3 бөлмелі пәтер берілді

26 тамыз 2021 жыл. Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы әскери бөлімде болған жарылыс әлі жадымызда. Қоймада тұтанған өртте өзгенің өмірін өзінен жоғары қойып, қайсарлықпен қаза тапқан Мейіржан Аймановтың ерлігі ерен.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Көпбосынұлына туған еліне сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Қазақстан Президентінің 2021 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен, қайтыс болғаннан кейін айрықша ерекшелік белгісі — «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордені тапсырыла отырып, «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев марқұмның жары Қарлығаш Аймановаға 3 бөлмелі пәтердін кілтін табыстады.
Халық қаһарманының артында әйелі мен 5 баласы қалды. Батыр есімі мәңгі есте!
Comments (0)
Add Comment