Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-алдын алу іс- шарасы барысында Байзақ ауданының құмға жақын маңдағы аумағында есірткі затын дайындап жатқан 46 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Күдіктіден 2 қапқа салынған жалпы салмағы 4 келіден асатын «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленді.
— Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен ( аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деп атап өтті Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Күдікті өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.