Байзақ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

Байзақ ауданы әкімінің 2026 жылғы 23 ақпандағы №13-Ж/Қ өкімімен Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына Ажибаев Айбек Иткараевич тағайындалды!

Ажибаев Айбек Иткараевич 1986 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.
2009 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Шетел тілдері: ағылшын және түрік тілдері» мамандығы бойынша аяқтаған.
2012 жылы Тараз инновациялық гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2009-2010 жылдары «Жамбыл облысы білімгерлер және жастар одағы» жастар  қоғамдықбірлестігінің төрағасы ретінде бастаған.
2011-2013 жылдары «Жамбыл облысы студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып жұмыс істеген.
2014-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Ақпарат және талдау орталығы» КММ басшысы қызметін атқарған.
2016-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы қызметін атқарған.
2017-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2019 жылы Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік саяси мониторинг бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2019-2025 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы қызметін атқарған.
2025-2026 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы қызметін атқарған.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.

Comments (0)
Add Comment