Қазақстанда ауқатты адамдар табысы кедейлерге қарағанда шамамен алты есе жоғары. Бұны 2021 жылдың екінші тоқсанындағы Ұлттық статистика бюросы деректерінен көруге болады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сарапшылардың айтуынша, ең бай адамдардың 10 пайызы ай сайын шамамен 320 миллиард теңге алады. Ал кедейлердің 10 пайызы – 54 миллиард теңге.
Нұр-Сұлтанда байлардың табысы кедейлерден төрт есе, Шымкент пен Маңғыстау облысында үш есе жоғары.
Сондай-ақ, кедей қазақстандықтардың 10 пайызының айлық табысы 33 мың теңгеге дейін, ал байлардың 10 пайызы 115 мыңнан миллион теңгеге дейін табатыны анықталды.
2021 жылдың сәуіріндегі мәлімет бойынша, Қазақстанда байлар мен кедейлер саны артқан.