Бақытжан Орынбеков «Energy-Тараз» ЖШС-нің жұмысымен танысты

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Energy-Тараз» ЖШС өндіруші-сервистік кәсіпорнына барды. Шаһар басшысына өндіріс орнының тыныс-тіршілігімен серіктестіктің құрылтайшысы Нұрсұлтан Темірхан таныстырды.
2011 жылы ашылған зауыт заманауи энергия үнемдейтін шам өнімдері, электротехникалық жабдықтар шығару және жеткізуден бөлек, кең көлемдегі электр монтаждау жұмыстарын да атқарады. Сондай-ақ трансформатор станцияларының толық құрал-жабдықтарын және көше, саябақ, өндіріс ошақтары мен кеңсені жарықтандыруға арналған жоғары сапалы жарықдиодты шамдардың жүздеген түрін шығарады. Бұдан бөлек, кәсіпорын спорттық құралдар, балалар ойын алаңдары мен аула орындықтарын және көше, жиекжол, саябақтағы көше шамдарына арналған металдан жасалған сәулет бұйымдарын жасайды.
– Бүгінде кәсіпорындағы қазақстандық қамту үлесі 70-80 пайызға дейін жеткізілді. Қазіргі уақытта «Energy-Тараз» брендімен шығатын тауарларды таныту мақсатында ішкі нарықтан бөлек, жақын шет елдер мен Еуропаның бірқатар мемлекетімен байланыс орнатылған. Мұндағы жұмысшылардың үштен бірін мүмкіндігі шектеулі жандар құрайды. Саладағы табысты жұмысы үшін өндіріс орны «Қазақстанның үздік тауары» сыйлығын да иеленген, – деді компанияның құрылтайшысы
Кәсіпорынның кең көлемді қызметімен танысып шыққан Бақытжан Әмірбекұлы жергілікті тауар өндірушіге жан-жақты қолдау көрсету мақсатында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Comments (0)
Add Comment