«Бақыттымын сенімен». Ерке Есмаханға париждік жігіті гүл сыйлап жүр

Танымал әнші Ерке Есмахан арқа сүйер ер азаматының бар екенін білдіретін суретті желіде жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Соңғы уақытта белгілі өнер иесінің жүзі бақыттан бал-бұл жайнап жүр. Себебі, ол арқасүйер ер азаматын жолықтырған көрінеді. Париждік жігіт Еркенің жүрегін жаулау үшін күнде құшақ-құшақ гүл мен қымбат әшекей бұйымдар сыйлайды екен. Ал Есмахан болса ғашығы сыйлаған гүл шоқтарын Instagram-дағы парақшасына жүктеуден жалығар емес.

Ерке Есмаханға париждік жігіті гүл сыйлап жүр / instagram.com/erke_esmahan

Париж тосынсыйға толы болды. Бақыттымын сенімен, — деді Ерке Есмахан.

Ерке белгісіз ер азаматтың есімін әзірге құпия ұстап отыр. Осыдан бір жыл бұрын әнші өзінен 9 жас кіші Ninety One тобының экс-мүшесі A.Z, яғни Азамат Зенкаевпен көңіл жарастырып, кейін ғашықтар екі жаққа кеткен еді.

Өнер иесі бұл Францияға жұмыспен емес, қыдыру үшін келген еді.

Comments (0)
Add Comment