Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың видеосын жариялап, ерекше жазба қалдырды. Қырағы оқырмандар оның көңіл күйіне ерік бергенін байқап қалды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
“Өмір кейде сүріндіріп жіберер,
Қайта тұрып, жалған күліп жүре бер.
Бақытсыздық жайлап алған өмірде,
Бақытты боп көріну де бір өнер!” – деп жазды әншінің продюсері.
Айдарбекова Қайрат Нұртастың көңілді видеосын жариялады. Желі қолданушылары сан сауалдың астына алды.
“Жұлдызға Қайраттың жұлдыздығы да жетер еді ғой! Мың өнерлі болса да, Қайраттың әйелі деген ат бар ғой”, “Аман болыңыз Қазақтың Ақ Қайрошы”, “Алла бақты бір жағынан болмаса, бір жағынан береді. Ұл болса, Қайраттай болсын. Сынақ қой, өтеді бұл күнде кетеді. Ең бастысы дені сау болсын”, “Өкінбе, өкпелеме бүгініңе. Қайта тұрып қақың бар жүгіруге. Бұл өмір ғой. Бәрі уақыт еншісінде. Бәрі жақсы болады”, “Өтірік бақытты емес шығар… Шын бақытты шығар… Негізі өлеңіңіз ауыр ғой, Қайратқа қатысты болса?!”, “Қайрат пен Жұлдызға алаңдаймын, ләйім бірге бақытты болса екен”, “Дұға етіңіз! Барі жақсы болады!”, – деп жазды желідегілер.