Бүгін елімізде кезектен тыс Президент сайлауы басталды. Сайлау учаскелеріне ағылған халықтың қарасы қалың. Бақылаушылар да саяси науқанға белсене атсалысуда. Солардың бірі — «Amanat» партиясының бақылаушысы Сандуғаш Итекеева.
— №41 сайлау учаскесінде сайлаудың басталғанына 3 сағаттан асты. Өз таңдауын жасап жатқан азаматтардың саны сәт сайын артуда. Әзірге ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ, — дейді бақылаушы.