Бағлан Абилдаева – №2 аумақтық округінің бас инспекторы

Абилдаева Бағлан Онғарқызы №2 аумақтық округінің бас инспекторы болып тағайындалды.

Бағлан Оңғарқызы 1988 жылы 11ақпанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
2010 жылы Орталық Азия университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 2008 жылы Іле ауданы, Боралдай ауылы №10952 әскери бөлімінде телефон станциясының телефонисі болып бастаған.
2014-2015 жылдары – Жаңатас қаласы, Балалар шығармашылық орталығында мұғалім, 2015-2016 жылдары – Сарысу аудандық ауруханасында заңгер, 2016-2018 жылдары – «Көгалдандыру және көріктендіру» ЖШС-де заңгер, 2018 жылы – «Жаңару-2017» ЖШС-де заңгер-кеңесші, 2018-2019 жылдары – Жаңатас қаласы әкімі аппаратында бас маман, 2021-2022 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы болып қызмет атқарған.

Comments (0)
Add Comment