БАҚ: Ердоған Назарбаевты не үшін форумға шақырды?

Бүгін Түркияның Анталия қаласында ашылатын дипломатиялық форумның аясында шетелдің мемлекет және қоғам қайраткерлерінің кездесулері болады деп хабарлады turkystan.kz.

Осы форумға Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та келіп отыр. Онда халықаралық жағдайға байланысты бірнеше өзекті проблемалар талқыланады делінуде. Соның ішінде Украинадағы соғысты тоқтату мәселесі қаралады. Осыған байланысты Түркияның басшысы Ердоған Ресей президенті Путинді соғысты тоқтатуға көндіру үшін Назарбаевпен сөйлескісі келген шығар, дейді сарапшылар.

Назарбаев пен Путин бұрыннан бір-бірімен сыйласып келе жатқан саясаткерлер. Ердоған Назарбаев арқылы Ресей басшысының көңілін тауып, оны Зеленскиймен кездесуге көндіріп, Украинадағы соғысты тоқтата алса, Анталия форумы тарихта қалатыны сөзсіз.

 

Comments (0)
Add Comment