Бұқтырма су қоймасында 24 жолаушысы бар қайық суға батып кеткен

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында бортында 24 жолаушысы бар қайық дауыл кезінде суға батып кетті. Қуанышқа орай, адамдардың барлығы құтқарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға жексенбі күні сағат 19:00-де «Аюда» демалыс орталығынан үш шақырым жерде болған.

«Секундына 20 метрге жететін қатты желдің салдарынан «Садко» демалыс орталығынан “Аюда” базасына бет алған жоспарлы жолаушылар қайығы дауылға ілесіп, суға бата бастады. Бортта 24 адам, оның ішінде 21 жолаушы мен үш команда мүшесі болған», – деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде.

Белгілі болғандай, суға батып бара жатқан кеме жолаушыларына демалушылар көмекке келген.

Асқар Сайлаубаев, Дәулет Сайлаубеков, Дамир Мұхамадиев, Сұлтан Тайжанов  есімді азаматтар жағадан не болып жатқанын көрген.

Ер адамдар гидроскутер мен қайықты пайдаланып адамдар батқанжерге жетіп, ең алдымен  балаларды судан шығаруға көмектескен. Екі рет рейс жасап, барлық азаматты суға шығарған. Мұны Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті де растады.

”Барлығы 21 жолаушы, оның ішінде 9-ы бала және қалғаны қайықтың команда мүшесі “Аюда” базасына орналастырылды. Жолаушылардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Барлық қажетті көмек жасалды, тамақпен қамтамасыз етілді. Жолаушылардың заттары оқиға орнынан ШҚО ТЖ қызметкерлеріне берілді”, – делінді ТЖ департаментінде.

 

Comments (0)
Add Comment