«Бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырудың тетігі»

– Ұлы Абайдың «Қанша тіл білсең, сонша адамсың» деген тәмсілі бар. Сол себепті Президентіміздің кешегі сөзімен менің пікірім толығымен сәйкес келеді. Жастарымыз әуелі қазақ, одан кейін орыс, ағылшын тілдерін игеріп алса, қандай керемет! Бұл оларға шетелге шыққанда да зор септігін тигізеді. Тек қазақ тілін білу арқылы алысқа ұзай алмасымыз белгілі. Өйткені күнделікті өмірде бірнеше тілді меңгерген жандар өзгелерден оқ бойы озық жүреді. Шындығы – осы. Президент айтпақшы, Оқу-ағарту министрлігі популистердің жетегінде кетпей, балалардың мүддесін қорғауы тиіс. Сонда ғана заман талабына сай, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыра аламыз. Ал мұның тетігі көп тіл білуде жатыр.

Қасымхан Төлендиев,
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің
облыстық филиалының басшысы

Comments (0)
Add Comment