Қазақ медицинасының көрнекті қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа қолдау білдіріп, бата берді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Т. Шарманов өз хатында министр лауазымына бұл салаға Ажар Ғиният сияқты бейжай қарамайтын адамның тағайындалғанына өте қуанышты екенін атап өтіп, отандық медицинаның маңызды жобаларының сәтті жүзеге асырылуына үміт білдірді.
«Пандемияның осындай қиын кезеңінде сіздің иығыңызға үлкен жауапкершілік жүктелген. Барлық қиындықтарды еңсеріп, Қазақстан халқының денсаулығы үшін жемісті жұмыс тілеймін», – деді еліміздің бұрынғы Денсаулық сақтау министрі.
А.Ғиният құрметті академикке шынайы тілектері үшін алғысын білдірді.