Орынбеков облыс әкімінің тапсырмасын орындауда

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев таңертеңгі уақытта Тараздағы аумақтық округтерді аралап, тыныс-тіршілігімен танысуда. 

Аймақ басшысы жұмыс барысында шаһардың тазалығына айрықша назар аударып, бірқатар тапсырма жүктеген еді.

«Айтылды – орындалды» қағидасын берік ұстанған округтің бас инспекторлары кеткен кемшіліктерді түзеп, өзге де мәселелерді назарда ұстауда.

Осы орайда тұрғындар назарына «Дейін – кейін» айдарымен атқарылған жұмыстардың бір парасын ұсынуды жөн көрдік.

Алдағы уақытта облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмаларды, жасалған жұмыстарды әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялап отырамыз.

 

Comments (0)
Add Comment