Орал-Атырау тасжолында «КамАЗ» бен Toyota Camry көлігі соқтығысты. Апат салдарынан бес адам қаза болды, – деп хабарлайды «JambylTaraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңір полициясы мәліметінше, жол апаты 14 қаңтарда сағат 7.55-те болған.
«Көліктер соқтығысқаннан кейін өрт шыққан. Жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 345-бабы «Жол-қозалысы ережісін бұзу» бойынша соталды тергеу басталды», – деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, жеңіл автокөлік толық жанып кеткен. Қаза болғандардың жеке басы әлі анықталған жоқ. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.