Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі ҚРеспубликасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-3/270, №4-3/267, №4-3/268 және 2020 жылғы 4 мамырдағы №153 бұйрықтарына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда:

1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тіркеу;
2. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру;
3. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу;
4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап – тексеруден өткізу.
Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметті алу үшін тіркеу пунктіне (Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі) www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық нысанда немесе тіркеу пунктінің (Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі) кеңсесіне қағаз нысанда құжаттарды ұсына алады.
Көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу жөнінде толық ақпаратты алу үшін Тараз қаласы, Төле би көшесі №57 Б, мекенжайында орналасқан Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі кеңсесіне немесе 8/7262/54-88-82 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.

Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі

Comments (0)
Add Comment