«Бұл туралы ұзақ ойлап жүрдім»: Желіде Пермь университетінде оқ атқан жас жігіттің фотосы мен жазбасы таралды

Желіде Пермь мемлекеттік университетінде оқ атқан 18 жастағы Тимур Бекмансұровтың фотосы пайда болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті 20 қыркүйекте студент Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің ғимараттарының бірінің аумағында жүріп, айналасындағыларға оқ жаудырған.

“Нәтижесінде сегіз адам көз жұмды, бірнеше адам зардап шекті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы нақты мәліметтер нақтылануда”, – дейді Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко.

Күдікті өзінің қылмысын ұзақ уақыт бойы жоспарлағанға ұқсайды. Ол өз ойын әлеуметтік желіге ашық жазған.

“Мен бұл туралы ұзақ ойлап жүрдім, жылдар өтті, мен армандаған нәрсені іске асрыуға бір сағат қалғанын түсіндім», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Алдымен ол бұрынғы мектебіне шабуыл жасағысы келді, бірақ наурыз айының соңында шешімін өзгерткен.

“Бұл мектеп «өмірінің соңғы 10 минутын өткізуге тым жағымсыз жер» деп жазған.

Айта кетейік, бүгін белгісіз адам Пермь мемлекеттік университетіне оқ жаудырды.

Comments (0)
Add Comment