«Бұл алаяқтардың ісі, ақша аудармаңыздар»: Жанболат Найзабеков көпшілікке видео үндеу жолдады

Актер Жанболат Найзабеков көпшілікке өтінішпен жүгінді. Ол алаяқтардың әрекетінен халыққа жалған ақпарат тарағанын айтып, мән-жайды түсіндірді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жанболат Найзабеков пен Мадияр Серікбаева көпшілікке арнайы видео үндеу жолдады.

Актер анасының жағдайы жақсы екенін айтып, көпшілікке өітінішін жеткізді.

“Менің желідегі парақшамды алаяқтар бұзып кірді. Ол менің картам емес. Ақша аудармаңыздар. Анамның да жағдайы жақсы. Ондай жағдай болған жоқ, Аллаға шүкір. Ақша аудармаңыздар. Бұл алаяқтардың әдісі. Бәрі ойдан шығарылған”, – деді Жанболат.

Алаяқтар актердің Инстаграм желісіндегі парақшасын бұзып кіріп, халықтан ақша сұраған. Онда актердің анасы жол апатына түсіп, шұғыл ота жасауға ақша аударуын сұрайды.

“Мұндай алаяқтарға сенбеңіздер. Олар жалған ақпарат таратады. Бізде бәрі жақсы. Уайымдамаңыздар”, – деді Мадияр Серікбаев.

Желі қолданушылары таңғалып, оқиғаға қатысты түрлі пікір жазды.

“Алаяқтарға алданбаңыздар, ақша аударарда абай болу керек”, “Актердің өз парақшасында жазылған соң көпшілік сенген шығар”, Бұл жақсылық емес, әр нәрсенің қайтымы болады“, “Бастысы анаңыз аман болсын”, “Аллаға шүкір, сіздерді уайымдап жүр едік. Бәрі жақсы болсын”, – деп жазды олар.

Comments (0)
Add Comment