Бүгін қазақ ақыны, сықақшы Шона Смаханұлының туғанына 97 жыл!

Бүгін ақын, сықақшы Шона Смаханұлының туғанына 97 жыл толып отыр,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Шона Смаханұлы (1924–1988) 5 қазан Жамбыл облысы, Талас ауданындағы «Ойық» деген ауылда дүниеге келген. Анасынан ерте айрылып, балалар үйінде, интернатта тәрбиеленеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін біраз жыл ауылдық мектепте мұғалімдік қызмет атқарған. 

1957 жылдан бастап «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде, сатиралық «Ара» журналында істеген. 1973–1983 жж. «Жазушы» баспасында редактор, кейінірек редакция меңгерушісі болған. Мысал-сықақтары 1963 жылдан бері жарияланып келеді. Бірнеше ән мәтіндерінің авторы. Орыс тілінде бірнеше кітабы жарық көрген.
Comments (0)
Add Comment