Қазыналы қарт та өз таңдауын жасады

Бүгінгі референдум кәмелеттік жасқа толған үлкен мен кішінің ешқайсысын бей-жай қалдырмады. Маңызды саяси науқаннан тыс қалмағандардың бірі — Николой Рожко. 92 жастағы қария бүгін алакеуімнен №69-шы учаскені бетке алып, өз таңдауына қадам жасады.
— Болашақ бүгіннен басталады. Референдум нәтижесінде ел ертеңінің үмітін ақтап, жақсылықтың жаршысы болуға атсалысамыз. Ел ертеңі жарқын болсын деген ниетпен дауыс бердім, — дейді қария.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Comments (0)
Add Comment