“Мәдениет – асыл қазынам” атты облыс аудандарының мәдениет күндері аясында Талас ауданының мәдениет күні ұйымдастырылды.
Биыл мәдениет майталмандарының кені болған, жақсы мен жайсаңдардың елі болған Талас ауданына 95 жыл толса, қойнауы құт Қаратау қаласының құрылғанына 60 жыл!
Киелі өлкенің мерейлі тойымен тұспа-тұс келген мәдениет күні барысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі, спорттық шаралар, тақырыптық көрмелер мен концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шараны облыс әкімінің аппарат басшысы Мәди Мәтен ізгі тілегімен ашты.
Концерттік бағдарламада “Hustle dance” бишілер тобы, өңірлік өнерпаздарымен қатар елімізге белгілі әнші Мұқасан Шахзадаев өнер көрсетті.
Айта кетейік, алдағы уақытта мәдениет күні Меркі ауданында жалғасын табады.