Қазынадан 28 миллион теңге жымқырған шенеунік пен кәсіпкер сотталды – (Видео)

Алматыда аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған шенеунік пен кәсіпкер сотталды. Бұл туралы “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Қаржы мониторингі агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, Алматы қаласы Түрксіб ауданының абаттандыру бөлімі «Аstana-Құрылыс ХХI» компаниясымен 71 миллион теңгеден астам қаржыға келісім жасаған. Мердігер Қарасу өзенінің арнасын қалпына келтіруі тиіс еді.

Бірақ 2019 жылдың тамызы мен қыркүйегі аралығында жобаға бөлінген соманың 28 миллион теңгесі ұрланған. Қаражатты мердігер компания басшысы әкімдіктегі шенеуніктің көмегімен жымқырған. Құжаттарға жалған мәлімет енгізіп, жалған ақпарат берген.

Сондықтан Түрксіб аудандық абаттандыру бөлімінің басшысы Воропаев 7 жылға, «Аstana-Құрылыс ХХI» серіктестігі басшысы Исаев 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Comments (0)
Add Comment