Қазылған көшелер тегістеліп, қалпына келтірілуде

Бүгінде Тараз қаласына жаңадан қосылған 10 елді мекенге ауыз су құбыры жүргізілуде. Соның бірі – «Казарма» алқабының ауыз су жүйесіне 370 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы құрылыс жұмыстарын жүргізуді «Арай НС» ЖШС ұтып алған болатын. Былтыр мамыр айында басталған құрылыс биылғы жылға өтпелі.

Дегенмен, ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында ауа райының қолайсыздығына және құрылыс сапасын сақтау мақса- тында жұмыстар тоқтатылған еді. Алайда, биыл 1 наурыздан бастап құрылыс жұмыстары қай- та жанданды. Бүгінде жұмыстар- дың тоқсан пайызы орындалды.

Жуырда қала әкімі Бақытжан Орынбеков осы құрылыс жұмыс- тарын көзбен көріп, мердігерге қазылған көшелерді қалпына келтіру қажеттігін ескерткен болатын. Жауапкершілікті мойнына алған мердігер компания әкім ескерпесін назарға алып, көшелерді қалпына келтіру жұ- мыстарын бастады. Енді бірер күнде барлық кемшіліктер толықтай жойылады.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Comments (0)
Add Comment