Азық-түлік бағасы жіті бақылауда

Тараз қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын шамадан тыс асырмау мақсатында толайым жұмыстар атқарылуда. Бағаны бақылау үшін кәсіпкерлік басқармасы, статистика департаменті және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандарынан құралған мониторингтік топ та бар. Бұдан бөлек, қала әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері шаһар аумағындағы дүкендерді аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің үстемақысын 10-15 пайыздан асырмау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Дархан Егеубаев бастаған мамандар алдымен Абай даңғылы бойындағы «TARGO» супермаркетіне ат басын бұрып, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің шекті бағасы туралы түсіндірді. Осы тұста мамандар супермаркет әкімшісіне тауарлардың дүкенге келетін және сөреге шығарылғандағы бағасын салыстырып, пайыздық көрсеткішін көрсетіп берді. Ал супермаркет әкімшісі Ирса Астаева әлеуметтік маңызы бар 18 тауардың үстемақысын 10-15 пайыздан асырмау туралы бұған дейін де ескертілгенін айтып, бағаны орынсыз көтермеуге уәде етті. Мұн-да нан – 90, қырыққабаттың келі- сі – 250, картоп – 190, пияз – 85, сәбіз 180 теңгеден саудалануда. Бұдан соң топ мүшелері «Самал» ықшам- ауданындағы «Сафият» супермаркетіне ат ізін салып, дүкен әкімшісі Гүлсім Жантүгелқызына бағаны шекті деңгейден асырмау туралы түсіндірді. Супермаркет сөресінде жұмыртқа – 30, нан – 85, мака- рон – 190, тауық еті – 1170, пияз – 60, қант – 220, ас тұзы – 80, қарақұмық – 320, күріш 240 теңгеден саудалануда. Сондай-ақ айран, ұн, сары май, өсімдік майы сынды тауарлардың бағасы да тұрақты екен. Топ мүшелері Ниетқалиев көшесіндегі «Юбилейный» сауда орнына да арнайы барып, дүкен әкімшісі Рухсарахан Мирзахидоваға әлеуметтік азық-түлік бағасының үстем- ақысын 10-15 пайыздан асырмау керектігін жеткізді.
Қаладағы бірқатар дүкендерге «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тауарлары қазір жеткізілуде. Бұл бағаның шамадан тыс өспеуіне ықпал етіп отыр. Сондай-ақ қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі қаладағы «Гаухар-Фиркан», «Нұрислам», «Дәмдес», «Сафият», «Алмас», «Смарт» сауда нүктелері және «Дәмді себет» дүкендер желісімен әлеуметтік азық-түлік бағасын шамадан тыс көтермеу туралы меморандумға қол қойған. Енді ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары күнделікті 10 сауда орны, 3 базар және 14 әлеуметтік дүкенге түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сәндібек Піренов

Comments (0)
Add Comment