«ҚазТемірТранс» Қостанай филиалының директоры сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

3 қазанда Қостанайдың № 2 соты «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры Б.Усабеков пен «Вадиса М» ЖШС директоры С. Таировқа қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі

Жоғарыда аталған адамдар жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды және берді деп айыпталды.

Сот үкімімен Мұсабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сол үкіммен Таировқа пара беру фактісі бойынша параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл 24 млн теңгені құрайды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Comments (0)
Add Comment