Тараз қаласындағы Жамбыл даңғылы, 18 «Д» мекенжайында орналасқан Әлеуметтік базардың маңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Шаһар тұрғындарының ауыл шаруашылығы өнімдеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған шараға Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас, Т.Рысқұлов, Шу аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізілген.
Жәрмеңкеде жалпы құны 75,2 миллион теңгені құрайтын 98,8 тонна ауыл шаруашылығы тауары сатылымға шығарылды. Оның ішінде 10,6 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2 тонна шұжық, 5,3 тонна сүт, 8 мың данадан аса жұмыртқа, 1 тонна қант, 0,5 тонна кондитер, 3 тонна макарон, 2 тонна балық, 6 тонна ұн, 1,6 тонна бал және 66,8 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері және 2 600 литр өсімдік майы жұртшылыққа ұсынылды.
Аталған жәрмеңке алдағы уақытта да өз жалғасын табады.