Қажетті өнімдер – тиімді бағада

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігі мен баға тұрақтылығы – бүгінгі таңда ел экономикасы мен тұрғындардың әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды мәселе.

Соңғы жылдары әлемдік нарықтағы өзгерістер, инфляциялық үдерістер мен логистикалық қиындықтар азық-түлік бағасының өсуіне әкеліп, халықтың тұрмыс сапасына ықпал етіп отыр. Осындай жағдайда мемлекет пен жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі – әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру және оларды халыққа қолжетімді ету.
Бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасы ретінде Тараз қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Тұрғындарға күнделікті тұтынатын тауарларды қолжетімді бағамен ұсыну және өңірдегі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді мақсат еткен шара барысында ет, сүт, ұн, көкөніс және басқа да қажетті тауар түрлері нарық құнынан 10-15 пайызға төмен бағада саудаланды.

«JT»-ақпарат

Comments (0)
Add Comment