ҚАЖ департаментінде – жаңа басшы

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде кадрлық өзгерістер болды, – деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамына жаңа бастық – әділет полковнигі Нияз Қанатұлы Рыспаевты таныстырды.
Сондай-ақ Ж. Сүлейменов ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарған ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Теңізжан Нұрмаханұлы Жәнібековке бір жарым жыл бойы бірлесіп атқарған жұмысы үшін зор алғысын білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Comments (0)
Add Comment