Қайғылы оқиға 10 ақпан күні Самара-Шымкент тас жолының 1285 шақырымында болған. Қызылорда қаласындағы «ҚазАвтоЖол» филиалының қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болған.
Бұл туралы бүгін, 13 ақпанда «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«2024 жылдың 10 ақпанында сағат 14:00 шамасында Самара-Шымкент тас жолының 1285-шақырымында жантүршігерлік оқиға болды. Оқиға салдарынан (тұрған көлікпен соқтығыс) Қызылорда ҚБ бас маманы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы Сыдықов Сақтапберген Бақытжанұлы өзінің тікелей міндетін атқару кезінде қайтыс болды», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Самара-Шымкент тас жолының Арал ауданы Сазды ауылы учаскесінде қозғалыс қайта жанданғаннан кейін Toyota Alphard көлігі компания қызметкері тұрған жерде тоқтаған көлікпен соқтығысқан.
«Соқтығыс салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Марқұм Қызылорда облыстық филиалының бас маманы болып, компанияда алты жылдан астам жұмыс істеп, өзін адал, кәсіби қызметкер ретінде көрсетті. Сақтапберген Сыдықовтың артында төрт баласы мен жұбайы қалды», деп қосты компания.
Ұлттық компания марқұмның отбасына қаржылай көмек көрсетілетінін мәлімдеді.